Ата-аналар үшін баланың балабақшаға бейімделуі туралы мамандар кеңесі.

 

2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы  көп өзгеріске түсіреді.

 

    Сондықтан кеңес береміз:

-Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастырыңыз.

-Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін  тамақтар түрін қосыңыз.

-Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокка сұрану. Киімдерді міндетті түрде өзіне ынғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белбеусыз.

-Баланың «социалдық көкжиегын» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен  құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесіне қонуға қалсын т.сс Осындай тәжірибе көп жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренсіп, тіл табысатын  болады.

-Баламен жағымды эмоцианалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-аналар жағынан болуы қажет. Балабақша туралы, оның өзіне керектісін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.  Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді.  Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

 

Бірінші күн

 

        Балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай-ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

 

  1. Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жанадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат, одан әрі түске дейін, тәрбиешімен кеңесіпкүні бойына қалдырылады.
  2. Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмас  үшін «демалыс» алуға болады.
  3. Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
  4. Балабақшаға тек ауырмай керуі қажет ОЗР, ОРВИ сақтау үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксалин мазьмен сылап тұру қажет.

Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап-ақ үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психолог пен балабақшаның  медико-педагогикалық қызметі бақылауға алады.

Сәт сапар жаңа ортаға!

 

Баланың балабақшаға бейімделуі

     

     Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды , уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастайды.  Бірнеше рет барып, ойынын, өзін, ұстауы тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді: 

      Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауабы – «барғым келмейді, болды» Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады.

Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог  кеңесін оқып алған жөн

Ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байыбына барып, жұмсақ сөйлеңіз.

 

Ал мамандар кеңесі төмендегідей:

 

  1. Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтініне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауы, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз.
  2. Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертен киіндіргенде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады.
  3. Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз.
  4. Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге және тобындағы балаларға байланысты.
  5. Ойын сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді.

 

Баланы балабақшаға тез үйренудің 5 жолы

 

      Баланы балабақшаға беру керек болды. Бірақ, үйде, анасының жанында әбден үйреніп қалған бала жаңа ортаға бірден бейімделе алмауы мүмкін. Ондай сәттерде көптеген ата-аналар мынадай қателіктер жіберіп жатады.

  • Дұрыс бейімдемеу. Бала жылағанда «балабақшаға апарып тастаймын» -деп  қорқыту.
  • Баланың өзі балабақшаға үйрене алмай жүргенде оны зоопаркке, циркке апарып көңілін аулаймын деу – қателік, ол керсінше баланың жүйкесіне одан сайын ауырлық түсіреді. Алғашқы кездерде демалысында үйде, жайлы атмасферада баламен бірге болған дұрыс.
  • Балаға тым жанашырлық таныту. Апарып тастағанда «мұңды» көздермен қарап ұзақ қоштасу, алып қайтқанда құлап, жарақаттанған  жерлеріне «шошып» қарау – барлығы балаға теріс әсер етеді.
  • Үйге келген соң «балабақша жаман ба?», «апайын ұрысты ма, ұрды ма?» - деп сұрай беру де баланың тез үйренуіне кедергі келтіреді.
  • Барғысы келсе барып, барғысы келмей жыласа, бармай қоя салу – дұрыс емес.

 

Қырсық балаларға 10 амал

 

    Қазір көшеде баласымен алысқан ата-ананы жиі көріп жүрген боларсыз. Сол балаларға  ұрсқанымыз үшін, жұрттың көзіне нашар ана болып сақталып қаламыз. Сіздердің де балаларыңыз сондай ма?

    Білесіз бе, балалар өте  ақылды, өйткені олар қырсығып, мінез көрсетсе айтқанын орындататының өте жақсы біледі. Жылау мен айқайын басу үшін сіздерге мына 10 кеңесті ұсынғым келеді. Сізде өз тәжірибеңізден өткізіп көріңіз.

1. Бала көшеде қырсығып жылай бастаса да өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Сосын, бірден үйге қайтуға тырысыңыз. Себебі балаға, «егер өзіңді дұрыс ұстай алмасан, үйде отыр!» дегенді ұғындыру керек. Оның әрекетінін дұрыс емес екенін қысқа әрі нақты айтыңыз.

2. Дауыл көтермей, ақырын сөйлеңіз. Сонда бала да тыныштала бастайды.

3. Үйде бала атқаратын қандай да бір тапсырма, жұмыс беріп үйретіңіз. Оны бірге атқарысаңыздар да артық етпейді, сол кезде бала жауапкершілікті сезіне бастайды.

4. Ешқашан баланы келеке етіп сөйлемеңіз! Бұл арқылы балаңыз екеуіңіздің арадағы қатынасқа сызат түсіресіз. Тіпті психологиялық соққы жасауыңыз да мүмкін.

5. Бала үйде қырсығып , айтқанын істетпек болса назар аудармаңыз. Айналып, толғанып немесе керсінше дауыс көтеріу қажет емес. Жәй ғана көңіл бөлмеңіз, болды. Ал, сіз оған назар аударған сайын ол қырсықтығын үдете түседі.

6. Бала егер қырсығар болса , оның айтқаны болмайтынын ескеріп койыңыз.

7. Бірақ, оны қорқытудың қажеті жоқ. «Қазір үйге баршы, сабаймын» болмаса, «Бүкіл кешті құрттың» деп байбалам салмаңыз.

8. Үнемі көңілді болуға тырысу керек. Баланың әрбір жеңісін байқап, мақтап отырғаныңыз жақсы.

9. Баламен салғыласушы болмаңыз! Өзіңізді биік ұстаңыз, сонда бала да сізді сыйлайтын болады.

10. Кішкентайлармен саудаласуды доғару керек

 

     Бұл қағидалар тым қарапайым болуы мүмкін, бірақ біз атқара бермейміз. Солай ғой , иә? Бұдан кейін, осыларды есте ұстаңыз. Балалар біздің жалғасымыз , олардың тәрбиесіне жеңіл қарай салуға болмайды.

 

«3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады»

   

      Соңғы кезде балаларының мінезін айтып шағымданатын ата-аналар көбейді. Ол көбінде баланын психологиясын дұрыс білмеуден болып жатады. Осы жазбада 3-6 жас аралығындағы балаларға мінездеме беріп көрейік.

1. Бұл жаста бала әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Мінезі қалыптасып, жаңа қызығушылықтар туындайды. 3 жастан бастап балада физиалогиялық өсу жиілеп, 6 жасқа толғанда ересек адамның дене бітімінің бел ортасына жетеді.

2. Баланын бас сүйек миының есте сақтау қабілеті 4/5 көлеміндей болады. Яғни бұл жастағы бала зиаткерлік ойындарға қабілеттілігі арта түседі деген сөз. Егер балаңыз 3 пен 6 жас аралығында болса , онда «Не үшін, неге?» деген сұрақтарға жиі жауап беруге дайындалыңыз. Себебі, осы жастағы балалар  айналадағы болып жатқан барлық құбылысқа қызығушылықпен қарайды.

3. Сөйлеу қабілеті дами түседі. Бұл жаста бала ертегіні естіп қана қоймай, сонымен қоса өзі де ертегі  құрастырып, санамақ, өлеңдер айта бастайды. Ал 6 жасқа толғанда өз ойын толығымен және анық түрде жеткізе алатын күйге жетеді.

4. Психологтардың айтуынша , осы жастағы сәбилер өнерге , сурет салуға, ән айтуға бейім болады. Осы кезеңде баланын қандай салаға қызығушылығы басым болатындығы жіті қадағалау маңызды.

5. Бала ойын анық жеткізу үшін онымен сөйлесіп тұру өте маңызды , Оның ең бірінші сұхбаты ата-анамен болатыны белгілі. Сонымен қатар , баланын ата-анасына қарап еліктейтінін олардан үлгі алатынын естен шығармау керек. 5 жасқа келгенде бала өзінің құрдастарымен араласа бастайды.

6. Дәл осы кезде ол үшін өзімен жасты достарынын оған деген қарым-қатынасы маңызды болады. Яғни баланын бойында «симпотия»  белгілері дами түседі. Оның айналасындағы адамдар оған қандай көз-қараспен қарайтыны алаңдата бастайды.

7. Осы жастағы балаларға қоршаған орта, жан-жануарлар және өсімдіктер туралы  көп ақпарат беру өте маңызды . Баланы жиі хайуанаттар бағына апарып , өсімдіктерге жиі су құйып тұру қажеттілігін құстардың әнін тыңдаттырып, табиғатты қорғап аялауды үйрету баланың экалогиялық тұрғыда ой-өрісін дамуына үлкен септігін тигізеді.

 

Балаға күнде айтылуы тиіс  9-сиқырлы сөз

 

1. Саған сенемін

2. Сен мықтысың! Осы бетіңнен тайма!

3. Күнің қалай өтті?

4. Үнемі сенің жанындамын.

5. Сені мақтан тұтамын

6. Қалай? Бәрі жақсы ма?

7. Көмегің үшін көп рахмет!

8. Бүгін не істегің келеді?

9. Сені қатты жақсы көремін!

 

       Әрбір қолданған сөзіміздің  балаларымызға қалай әсер етіп , дүниетанымына қандай іздер қалдыратынын өте сирек ойлаймыз. Баланын тұлғалық дамуы мен  дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Сол себепті баланын күнде естіп тұруы тиіс сөздерді назарларыңызға ұсынып  отырамыз. Күнделікті күйбін  тіршілікпен жүріп , балаңызға көңіл бөлмей қалып жүрмеңіз. Бұл сөздердің бәрін қолдана алмасаңыз да, ең болмаса  жақсы көретініңізді, мақтан тұтатыныңызды айтып отырыңыз.

 

Мектепке баратын балалардың ата-аналарына арналған

Құрметті ата-аналар!

 

1 ЕРЕЖЕ

    6-7 жастағы балалардың миының дамуы да жедел жүріп отырады. 1 сыныпқа барар кезде баланы тағы да бір үйірмелерге, спорт секцияларға қатыстыру қажет емес.

   Алғашқы мектеп өмірі балаға өте қиын түседі. Сіздердің бүлдіршініңіз таза ауада көп ойнап, серуендеу керек. Өйткені оның денсаулығына пайдалы.

 

2 ЕРЕЖЕ

    Мектепке келгенсін бала зейіні де дами түседі. Алғашқыда оның зейіні шашыранқы болады. Ол бір нәрсеге жөндеп зейінің тұрақтата алмайды, оның көңілі әрнеге оп-онай ауып кете береді.  Сондықтан сабақ оқыған кезде 10-15 минут үзіліс жасап тұру керек. Ептілікке, қимылының дәлдігіне тәрбиелейтін қысқа уақыттық ойындар ұйымдастыру  жағына ерекше көңіл бөлуі қажет.

 

3 ЕРЕЖЕ

    Бүкіл әлемдегі дәрігер-офтальмологтар және невропотологтар өз пікірлерін айтады. Компьютер, теледидар және көзге әсер ететін жұмыстар балаларға зиян тигізеді.

 

4 ЕРЕЖЕ

    Бала біртіндеп жаңа ортаға үйренеді де, енді айналасындағы балаларға көз сала бастайды . Үзіліс кезінде өзінің жолдастарымен шүйіркелеседі, сабақтан алған әсерін ортаға салады. Осы кезде бала өзіне сың көзбен қарайды. Ата-аналар өз бүлдіршіндеріне  әр қашанда ойларынды қысылмай,  ұялмай айта беріндер дей отырып,  сыртқы баға беру, сын пікір айтудан аулақ болу керек.

Мына  ережелерді естен шығармау керек:

- балаларды мақтап, қолпаштау, бастымшылығын көтермелеу абзал

- шығармашылықты басып тастайтын сөздер айтпаңыз: «ақымақтың сөзі», «жоқтан өзгені айтпа», «сондай сөз бола ма?» т.б 

 

 

 

Балабақша психологі