Жас ерекшелігіне байланысты баланың дамуы
1 жас 6 айдағы баланың дамуы
Бала жақсы жүреді, жүгіреді, үлкендердің көмегімен немесе тіректен ұстап аяқтарын басқышқа кезек қоя отырып, баспалдақпен жоғары көтеріледі, орындыққа өрмелеп шыға алады, кедергілерден өте алады, үлкендердің әрекеттеріне еліктейді, доппен ойнайды, өз бетімен тамақ іше бастайды және стаканнан ішеді, шешіне алады, «мама», «папа» дегеннен басқа 2-3 жекелеген сөзді айтады, қалаған затын көрсетеді, Бала кітапты дұрыс ұстай алады, заттарды аудара алады, саусқтарын қозғалтады, ұстап көріп, заттарды таниды, ойыншықтарды мақсатына қарай пайдаланады, «қайда» деген сұраққа қолымен көрсетеді, заттардын формасын ажыратады: доп (дөңгелек), кубиктер (төртбұрышты), және басқа. Басқаларға аяушылық танытады. Үлкендермен ойнайды, егер бір нәрсені орындау барысында қиындыққа тап болса, үлкендерден көмек іздейді. Үлкендерге дәретке барғысы келетінін айтады, бірақ әлі де болса көмекке мұқтаж. Өз бетімен тамақ жей алады.
ОЙЫНШЫҚТАР. Әр түрлі етіп ипровизацияланған пазлдар (ірі суреттері бар бірнеше әдемі суреттер бөліктерінен тұрады) әріптер бар кубиктер, қолға ұсталатын, ойыншықты ұстап жүргізуге және басқаруға болатын саптары бар ойыншықтар , мысалы, жүк артатын тіркеме, ойыншық машина , арба, сондай-ақ кубиктер мен доптар, қуыршақтар.
- Ойнаңыз: Балаға біріне –бірін салуға, кигізуге, қалауға болатын түрлі мөлшердегі заттарды беріңіз.
- Қарым-қатынас жасаңыз: Балаға қарапайым сұрақтар қойыңыз. Баланың өзіңізбен сөйлескісі келген ұмтылыстарына назар аударыңыз. Балаға заттар мен адамдардың аттарын атаңыз. Онымен қарапайым ойындарды ойнаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер бала 18 айлығында жүрмесе және ең болмағанда саналы түрде 3 сөз айтпаса, міндетті түрде дәрігерге қаратыңыз!
Есіңізде болсын , балаңыз бұл жаста жақсы мен жаманды ажырата алмайтындықтан, ол жаман қылық жасамайды. Бала мінезінің қалыптасуы екі негізгі феноменге негізделген – бұл «үлгі» және «еліктеу». Бала үлкендердің қылығына еліктейді, ол жақсы қылықтарды айналасындағыларға саналы түрде емес, еліктеу арқылы үйренетіндіктен, оған әрқашан үлгі беру керек. Мақтауға тұрарлық болған кезде, баланы әрқашан мақтаңыз, ал тентек болған кезде, оның жаман қылық екенін жазалау әдістерін қолданбай түсіндіріңіз.
ҚАУІПСІЗДІК. Бала жүре бастаған кезде жазатайым оқиғалар қаупін азайту үшін барынша абай болыңыз. Суда және су жанында бала бір минутқа да үлкендердің қарауынсыз қалмау керек. Баланың айналасындағы жағдайды оның қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
2 жастағы баланың дамуы
Бала өз бетімен тамақ іше алады, шешіне алады, баспалдақпен көтеріле алады, табалдырықтан аттай алады, аяқпен доп тебе алады, 4-7 кубиктен мұнара тұрғыза алады, екі сөзден сөйлем құрай алады, шамамен 50 сөз біледі, дене мүшелерін дұрыс көрсете алады, суретті кітапшаны парақтай алады. Бала өзіне кітап оқығанда тыңдайды, кітаптағы суреттерді танып, оларды көрсетеді. Ойыншықтар мен қуыршақтардың орнына кітаптарды дұрысырақ көреді. Сөйлеуде мен, менікі, ол сияқты есімдіктерді қолданады. Бір нәрсені дұрыс жасамаса, кәдімгідей шынайы ұялады. Өзінің жақсы көретін нәрселерін білдіреді, бірақ оған қойылған шектеулерді қабылдайды. Қатарластарымен жақсы қарым-қатынас жасауды дамытқысы келеді.
БАЛАҒА КҮТІМ ЖАСАУ. Гигиена нормаларын сақтаңыз және баланы соған үйретіңіз: қол жуу, тіс күтімі . Баланы бірте-бірте түбек пайдалануға үйрету керек, бірақ оны мәжбүрлемеу керек. Баланы кемсітуге және жазалауға болмайды!
Баланы түбеккеәрбір тамақ берген соң және ұйқыдан оянғаннан кейін, сондай-ақ ұйықтар алдында отырғызу керек, баланы түбекте ұзақ отырғызбаңыз, үлкендер әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеруі керек: біреулер түбекке отыруға жеңіл үйренеді, кейбіреулер әзер үйренеді.
ОЙЫНШЫҚТАР. Балаға қарындаш пен қағаз, қарапайым басқатырғыштар, кубиктер, киіндіріп-кешіндіруге болатын қуыршақтар, машиналар, ойыншық үйлер беріңіз. Бұл жастан бастап балалар үлкендерге еліктеп, түрлі ойындарға қатыса алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер бала сөйлей алмаса, шамадан тыс белсенділік танытса, дамуы кенжелеу болса, 10 минут бойында назар қойып ойнауға қабілетсіз болса, тез арада дәрігерге қарату қажет.
Бұл жастағы бала жақсы мен жаманды ажырата алмайтындықтан, ол жаман қылық жасамайды. Бала мінезінің қалыптасуы екі негізгі феноменге негізделген – бұл «үлгі» және «еліктеу». Бала үлкендердің қылығына еліктейді, ол жақсы қылықтарды айналасындағыларға саналы түрде емес, еліктеу арқылы үйренетіндіктен, оған әрқашан үлгі беру керек. Мақтауға тұрарлық болған кезде, баланы әрқашан мақтаңыз, ал тентек болған кезде, оның жаман қылық екенін жазалау әдістерін қолданбай түсіндіріңіз.
ҚАУІПСІЗДІК.
- Баланың теледидар алдында өткізетін уақытын шектеңіз
- Балалар бөлмесінде теледидар болмауы керек.
- Баланың 1-2 сағатқа дейін теледидар немесе компьютер алдында отыратын уақытын шектеңіз. Бұны кезең-кезеңмен жасауға болады. Бала көбірек белсенді болуды қажет ететін іспен айналыссын. Балаға орындаған кезде рахаттанатындай тапсырмалар беріңіз (мысалы, сурет салсын немесе машинамен ойнасын).
- Егер бала теледидардың немесе компьютердің алдында уақытын аз өткізетін болса, ақылға қонарлық мадақтау жүйесін ойластырыңыз (мысалы, оны қосымша аттракциондар саябағына апаруға уәде беріңіз).
- Тамақтанған кезде теледидарды өшіріп қойыңыз.
- Балаға ұйықтардан 2-3 сағат бұрын теледидар көруге тиым салыңыз.
- Сіз өзіңіздің де теледидарды аз көретініңізді және уақытыңыздың көп бөлігін оқуға және балаңызбен ойнауға жұмсау арқылы балаңызға үлгі көрсетіңіз. Баламен үстел үстінде ойнайтын ойындарды ойнау – ең дұрысы
3 жастағы баланың дамуы
Бала сырт киімін кие алады, қолын жуып, сүрте алады, екі аяғын кезек көтеріп, табалдырықтан аттай алады, құламай жүгіріп, секіре алады, допты лақтырып , қағып алады, бөтелкенің қақпағын бұрай алады, бейтаныс адамға түсінікті , қысқа сөздермен сөйлей алады, күрделі сөйлемдерді айта алады. Бала «неге?», «қайда?», «қашан?» деген сұрақтарды қояды, «ішінде», «үстінде», «артында», «алдында» және т.б. көмекші есімдердің мағынасын түсінеді, бес және одан көп сөзден тұратын сөйлемдерді пайдаланады. 250 сөзден артық сөз біледі және түсінеді, 10-ға дейін санай алады. Басқа балалармен ойнайды, ойнаған кезде заттарды дұрыс және мақсатқа сай пайдаланады. Күні бойында түбекке отырғысы келгенін айтады және іш киімін өзі шешеді, болғаннан кейін қолын жуады. Кейбір киімдерін өз бетімен шешіп, оларды қайта киеді. Ересектермен сыпайы сәлемдесіп, қоштасады. Үлкендердің өтінішін орындайды. Күлкілі және мұңды жағдайларды ажыратады. Кітапты парақтап, одан таныс және қажетті суреттерді таба алады, оларды оқылған мәтінмен байланыстыра алады. Бала негізгі төрт түсті дұрыс көрсетіп, атай алады, қарындашпен шеңбер сызады, пластилиннен қарапайым фигураларды жасай алады, қағазды екі бүктейді, сұйықты бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып құя алады.
3 жаста ұйқының ұзақтығы тәулігіне 10-12 сағат.
Бұл жаста балалардың мінез-құлқындағы айтарлықтай қиындықтармен кездесуі мүмкін. Осыған дейін тынымды және айтқанға көңгіш бала кірпияз және бірбеткей балаға айналуы мүмкін. Бала ересектердің талаптарына айтарлықтай, көбінесе түсініксіз қарсылық көрсетеді, өзінің қалауын («балалық негативтілік» деп аталатын) жасап, оны қалай болса да қанағаттандырғысы келеді. Баланың мінез-құлқындағы мұндай өзгерістер оның мінезінің қалыптасуымен, тәуелсіздікке ұмтылуымен және өзін-өзі дәлелдеуге ұмтылумен байланысты.Бұл кезең «үш жастағы дағдарыс» деген атаумен белгілі, ол аз уақыттан сон қалпына келеді. Жеке тұлғаның қалыптасу үрдісінде бұл кезенде балалардың үйренуіне негіз болатын олардың эмоцияларының алатын рөлі зор. Егер сіз шыдамдылық пен төзімділік таныта білсеніз, мәселені шешуге болады. Ең жақсы тәсіл - осы жастағы баланың жаман мінез-құлқын тыйып тастау, оны алдарқатып, назарын басқа бір нәрсеге аудару. Егер лайық болса , оны әркез мақтауды ұмытпаңыз. Осы жастағы дағдарысты естен шығармай, оған шыдамдылықпен қарау керек. Жұмсақ әрі мейірімді болуға тырысыңыз. Баланы аз ғана уақытқа бала ретінде белсенділік танытатын сүйікті істерінің бір түрін шектей отырып жазалауға болатынын, бірақ ұрып-соғу немесе моральдық тұрғыдан жазалауға болмайтынын есте сақтаңыз.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ. Баланың дамуына қалай ықпал етуге болатыны туралы ұсынымдармен танысыңыз. Бұл жастағы бала үшін өзінің қатарластарымен араласудың маңызы зор: бөбектер бақшасына /балабақшаға бару, балаларға арналған ойындар мен сабақтарға қатысу.
ОЙЫНШЫҚТАР. Қуыршақтарға арналған арбалар , қуыршақтарға арналған үй бұйымдары, дамытушы ойындар, қарындаш пен қалам, қарапайым басқатырғыштар, кубиктер, киіндіріп шешіндіруге болатын қуыршақтар, машиналар, ойыншық үйлер.
-Ойнаңыз: Балаңызға санауға , заттардың атын атауға және оларды салыстыруға көмектесіңіз. Балаға арнап қарапайым ойыншықтар жасаңыз.
-Қарым-қатынас жасаңыз: Баланы әңгімеге шақырыңыз. Балаңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Балаңызды әңгіме айтуға, ән айтуға және ойнауға үйретіңіз.
ҚАУІПСІЗДІК. Баланың теледидардың немесе компьютердің алдында отыратынуақытын міндетті түрде шектеңіз, таза ауада ойнайтын ойындарға артықшылық беріңіз. Бала ойнайтын алаң жүргіші бөлімнен қалқалануы тиіс. Үйіңіздің қасынан машинамен кетер кезде қасыңызда баланың жоқ екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Балаңызға зиян келтіретіндеі бірденелерді қалдырып кетпегеніңізге сенімді болу үшін қауіпсіздік жөніндегі сұрақтықты тағы бір қарап шығып, тексеріңіз.
4 жастағы баланың дамуы
Бала басқышпен еркін көтеріліп, түседі, орындыққа өрмелеп шығады және одан түседі, тұра алады және бір аяғымен секіре алады, сыртқы киімін киіп-шеше алады, қолын сабындап жуып, оны сүрте алады. Қарындашты дұрыс ұстайды, оны еркін басқарып, қолдана алады, шимай салып, ұсақ элементтерді сала алады, қиылыстын сызықтарды мөлшерлері мен қысқа сызықтардың арасалмағын сақтамай көшіруге қабілетінің, пішіндері аса дұрыс емес тік, доғал, спираль тәрізді сызықтарды, шеңберлерді, үш бұрыш, төрт бұрыштарды салады. Ол таныс емес адаммен сөйлеседі, әңгіме айтып, суреттерді сипаттап айтып береді, сөйлеген кезде күрделі сөйлемдерді пайдаланады. Балалармен ойнайды , олармен ойын ережесін келіседі, ойыншықтарды дұрыс әрі мақсатқа сай қолданады. Күңдіз түбекке отырғысы келетінің айтады, ал түнде оны мүлдем дерлік қажет етпейді. Балаға кітапты парақтаған, таныс картинаны оны қараған ұнайды, суретке сәйкес келетін әңгіме айтады, өзі ойыннан қосқан жаңа жағдайларды қосып айтады. Бала қылқаламмен сурет сала алады, пластилиннен жабыстырыпқарапайым фигураларды жасай алады.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ.
Бұл жастағы балалардың балабақшаға баруы өте маңызды. Баланың топтық ойынға араласып үйренуі, сондай-ақ жеке өзінің үйренісуі ерекше мәнге ие. Дұрыс сөйлей білу дағдысының қалыптасуына назар аударыңыз, қажет болған жағдайда логопедке барыңыз.Баланы дамыту бойынша ұсынымдармен танысыңыз.
Балаға түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, пластилин, бор, басқа да заттар мен түрлі ойындарды , ойыншық дәрігер құралдарының жиынтығын, үстелде ойнауға арналған ойындарды, бас қатырғыштарды және т.б беріңіз.
ОЙЫНШЫҚТАР. Қуыршақтарға арналған арбалар, қуыршақтарға арналған үй бұйымдары, дамытушы ойындар, қарындаш пен қалам, қарапайым басқатырғыштар, кубиктер, киіндіріп шешіндіруге болатын қуыршақтар, машиналар, ойыншық үйлер.
-Ойнаңыз: Балаңызға санауға , заттардың атын атауға және оларды салыстыруға көмектесіңіз. Балаға арнап қарапайым ойыншықтар жасаңыз.
-Қарым-қатынас жасаңыз: Баланы әңгімеге шақырыңыз. Балаңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Балаңызды әңгіме айтуға, ән айтуға және ойнауға үйретіңіз.
ҚАУІПСІЗДІК.
Баланың теледидардың немесе компьютердың алдында отыратын уақытын міндетті түрде шектеңіз, таза ауада ойнайтынойындарға артықшылық беріңіз. Сіріңкені , пышақты, қайшыны, инелер мен түйреуіштерді балалардың қолдары жетпейтін жерлерде сақтау керек. Қауіпсіздік бойынша сұрақтықты тағы бір қарап шығыңыз.