Ойынның маңыздылығы. Ойыншықтың бала дамуындағы әсері.

 

Ойын дегеніміз баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Ойланып атқаратын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын бұл – жаңа нәрсені тану. Ойын бұл – жаңа нәрсені байқап көру. Ойын – егер сен тағы бір іс әрекетті жасасаң, не болатының анықтау. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның арқасында жүзеге асырылады. Көп ойнау бала мен ата - ана арасындағы өзара әрекеттесу «беру мен қайтару» санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды. Ойын ол – әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі. Ойын – бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тану, сезіне білуі, өзін - өзі тануы, өзін - өзі көрсету белсенді жүзеге асады.

Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.

Балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым - қатынастарды қалыптастырады. Ойын арқылы баланың сөйлеуі де жылдамдайды.

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезіну әлеміне сүңгиді. Сондықтанда педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманың, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шыңдық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен  құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды . Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойынан бастап өрбиді.

. Ойын мазмұны мен түріне қарай:

- мазмұнды-бейнелі;

- қимыл-қозғалыс;

- Дидактикалық;

- құрылыс.

Мазмұнды-бейнелі ойында - балалар ойын мазмұның түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Ал, еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.  

Қимыл-қозғалыс ойынында – балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады. Кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты таным үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне , түсіне, көлеміне қарай іріктеуге үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш,  келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар) , ұзындығы (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және достарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Ойын арқылы бала бойындағы қасиеттер дамиды:

-Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі.

-Қолы қатайып, денесі иілгіш болады.

-Көз қырағылығы артады.

-Тапқырлық танытуға бейімделеді.

-Сезімтал болады

-Инициатива көрсету секілді қасиет байқалады.

-Тілі дамиды.

-Ойы да кең болады.

-Ұйымшылдық  дағдысы қалыптасады.

-Сабаққа, еңбекке баулиды.

-Қарым-қатынас жасауды үйренеді.

-Танымдық қызығушылығы артады (қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, қиял).

-Эстетикалық тәрбие қалыптасады, өнерді, көркемдікті түсінеді.

Ойын  өсіп келе жатқан бала ағзасына ауадай қажет. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол.

Ойыншық. Қазіргі уақытта ойыншық көп және қол жетімді. Кез-келген ата - ана өз баласынан ештеңе аяғысы келмейді, ең қымбатын, сапалысын әпергісі келеді. Сол ойыншықты да дұрыс таңдағанымыз абзал. Бала қолына ұстай алатын, оны құрастырып, алып - салуға ыңғайлы болса. Шектен тыс көп ойыншықпен бала ойнағысы келмейді, оны аптасына бір мәрте ауыстырып, қызықтырып отыру қажет. Ең бастысы баламен бірге ойнап, сол ойыншықты қалай ойланатының үйрету керек. Әр баланың жас ерекшелігіне сәйкес, дамуына бағытталған ойыншықтарды дұрыс таңдау керек. Өйткені баланың әлемі мектепке дейін ойыншық арқылы дамитынын ұмытпауымыз қажет. Ұсақ ойыншықтың қауіпсіздігін түсіндіріп отырса, бала оны аузына салмауын түсіндіру керек.

1 жас пен 5 аралығында балалар үшін негізгі 10 ойыншық

-Құрастырмақтар;

-Пазлдар;

-Ақыл-ойды дамытушы ойыншықтар;

-Белгілі бір кәсіпке бағытталған ойыншықтар;

-Құмда ойынайтын ойыншықтар;

-Ойыншық машиналар мен қуыршақтар;

-Дыбыс шығаратын ойыншықтар;

-Түрлі-түсті доптар;

-Жануарлар, құстар,  жемістер мен көкөністер;

-Жұмсақ ойыншықтар.