Ұсақ қол моторикасы арқылы танымды арттыру

 

ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫ АPТТЫРУ

 

     

Жилбаева Арайлым Маратовна

ЖШС "Детский сад "Ақбота балабақша"

Психолог-логопед

 

 

Адамнан–адам тәлім алады,

Ағаштан–ағаш мәуе алады.

ӘбуНасыр әл Фараби

 

 

Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан, яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз.Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына, кеңістікті бағдарлауға, заттық іс-әрекетті орындауға, өзіне деген сенімдікті нығайтуға көмектеседі.

Танымды арттыруда балада психологиялық–педагогикалық қалыптасады, тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Балалардың қабілеттері мен дарындылығы олардың саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нәзік жылғалар бастау алады.

Василий Александрович Сухомлинский

Ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі (Ұсақ қол моторикасы және дәл қимылдарды орындаған кезде балада үйлесімді іс–әрекеттер дағдыларын дамытудың деңгейі )-мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі.  Бұл осылай болады да, өйткені, миды зерттеу,тәнтану тұрғысынан, саусақ бұлшық еттерінің даму деңгейі, артикуляциялық аппарат сияқты қарастыру керек екендігін бекітуге мүмкіндік берді. Сондықтанда баланы сөйлеуге үйрету үшін, оны тек артикуляциялық аппаратын ғанажаттықтырып қоймай, сондай ақ қолдарындағы саусақтарының қимыл қозғалысында немесе ұсақ қол қимылдарын да дамыту керек.

 

Ұсақ қол моторикасын дамытуда танымды арттыруда балада ең алдымен ойлауын дамыту болып табылады. Ойлау аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің аралығындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады. Келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.

Ойын түрлері өте көп. Ойындардың бірі–саусақ ойыны. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы ұсақ қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Саусақ ойынын аталмыш орталықта және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады

Саусақ жаттығулары: Пассивті: сипау, діріл, уқалау.  Активті: дауыстың сүйемелдеуімен (түрлі тақпақпен, көрініспен т.б сүйемелдеу), сүйемелдеусіз.

Пассивті жаттығу–ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркенбеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.Су-Джок терапиясының құралдарын пайдаланған дұрыс. Балалардың сөйлеу құзыреттілігін және қимыл әрекеттерін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет: бетті, қолды бүгу;  саусақ ойындары; театр түрлері; дидактикалық ойындар; табиғи заттармен ойындар;шығармашылық жұмыстар; оригами (қағаз бүктеу).

Заттық саусақ жаттығулар:

–түйме тағу мен оны шешу;

–аяқ киім бауын байлау;

–арнайы рамкалардағы бау;

–мозаикалармен ойын;

—құрғақ бассейн;

–конструкторлармен ойын;

–тандап алу жаттығулары (мысалы: фасоль мен бұршақты араластыру).

Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:

· Сөйлеу тілі жетіледі.

· Қимыл қозғалыс қабілеті артады.

· Икемділігі арта түседі.

· Логикалық ойлау қабілеті дамиды.

· Танымдылық деңгейі артады.

· Баланың бойына сенімділік пайда болады

· Құлшынысы артады.

Ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға деген ынтасын, белсенділік пен қызығушылық, жалпы танымдылық қабілеттерін дамытамыз.

Барлық іс—шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастары және ересек балалармен қарым–қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.

6 жастағы балаларда ұсақ қол моторикасын дамытуда танымды арттыруда балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.

Қазіргі кезде балалардың тілінін шықпауы, ең өзекті мәселе болып келеді, сол себепті оқу бөлімдерінің қосылуы тиімді және тыңдалым, жазылым, айтылым бөлімшелермен ерекшеленеді. Бұл енгізілген бөлімшелер біздерге, яғни тәрбиешілерге де жаңашылдық болып келеді.

Бөлімшелердің балаларға тиімділігі: өзін еркін ұстауы, терең ойлауы, сөз бен сөйлемді анық айта білуі және эмоциялық қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын қолдана білуі. Жалпы, жаңартылған бағдарламаға сай тәрбиешінің де кәсіби біліктілігі мен білімі жаңашылдық құзыреттілігі сәйкес болуы қажет. Жылда алдыма келген тәрбиеленушілердің көзқарасын, сөйлеу мәнерін, ойлаған ойды жеткізе алуын, жанындағы достарымен қарым-қатынасын байқай отыра, осыған орай түйінді мәселе туындайды: «Ойын түрлері арқылы балалардың шығармашылығын арттыру» тақырыбында алып, жан–жақты қарастырып, баланың айналасындағы тіршілік және қоршаған әлем туралы сұрақ қойып, білімін кеңейтуге деген талабын байланыстыра өз алға қойған мақсатыма жетуде ізденудемін. Осының төңірегінде бала білімқұмар, ақылды, белсенді болып, болашақта сенімді көшбасшы үнемі ізденісте жүрер азамат болып қалыптасады. Баланың бойындағы ғажайып әлем сыры мен қыры, таңғажайып кереметін ашуға деген құлшыныс, тәрбиеші мен ата-аналардың шыдамдылығы мен шығармашылығы, қазіргі замандағы ең өзекті мәселе. Бала дүние құбылыстарымен заттарды анықтай білуге талпынады.

Сонымен бірге, ғалымдар ұсақ қол қимылдары тек сөйлеумен ғана емес, сондай ақ зейін, ой, оптикалық-кеңістікті бағдарлау (үйлестік), қиял, байқампаздық, көру және қимыл–қозғалысты ес тәрізді сананың жоғары қасиеттерімен өзара байланысты екенін дәлелдеді.  Баланың бұдан бұлайғы өмірінде киіну, сурет салу және жазу, сондай ақ көптеген тұрмыстық және оқу іс–әрекеттерін орындау үшін қол саусақтарының дәл, үйлесімді қозғалысын пайдалануы қажет екені түсінікті. Яғни, бұл педагогтар ұсақ қол қимылдарын дамытуға баса назар аударуы керек. Бас миынынң сәйкес зоналарының пісіп жетілуі, сондай ақ ұсақ қол саусақ бұлшық еттерінің дамуы негізінен 6-7 жасқа қарай аяқталады. Сондықтан психологтар ұсақ қол қимылдарын дамытуды ең кішкентай жастан бастауға кеңес береді.

Балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеді. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігі артады. Баланың ойынға, қоршаған ортаға деген бейімін өзгертеді және өзіне деген сенімін арттырады, сұрақ қоя бастайды, қызғушылығы артады,сөйлеу дағдысы қалыптасады және сөздерді еркін оқи алады. Өзін достарының алдында емін еркін ұстауға үйренеді, яғни бала ашылады.

Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.