Семинар. «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен жүргізілетін іс-шаралар»

 

Семинар. «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен жүргізілетін іс-шаралар» https://docs.google.com/presentation/d/17Ec6567m_UYZOfmPGmDyx4_752xGcgEb/edit?usp=drive_link&ouid=110276256344469584441&rtpof=true&sd=true

Инклюзивті білім беру – дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге оларды әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында , тобында оқиды және арнайы педагог: (психолог, логопед, дефектолог, сурдолог, тифлопедагог  ) мамандарының жүйелі көмегін алады.

Инклюзия дегеніміз не? – Ерекшеліктері бар адамның қоғамға сай өзгеруі емес, керісінше қоғамның осындай адамдар үшін қолайлы орта тудырып, икемді болуы. Білім берудің инклюзивті түрінің артықшылығы – егер қарапайым және ерекше балалар бала кезден бірге оқыса , өзара әрекет етсе, кедергілер жойылады.

Ерекше бала дегеніміз кім? Психикалық дамуы мен физиялогиялық дамуында ауытқушылығы бар, медициналық тіркеуде тұрған бала. 

 

  • Психикалық дамуы тежелген балалар.
  • Сөйлеу қаблеті бұзылған балалар.
  • Нашар көретіндер.
  • Нашар еститіндер.
  • Ақыл-есі кем.
  • Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы.
  • Аутизм спектірінің бұзылуы.
  • Естімейтіндер.
  • Көзі көрмейтіндер
Олармен қандай мамандар жұмыс жүргізеді. 
Арнайы педагог:
  • Педагог-психолог
  • Дефектолог
  • Логопед
  • Сурдопедагог
  • Тифлопедагог
  • Тьютор
  • АФК және ЛФК мамандары
Аутистік спектірінің бұзылуы (жалпы статистика)
  • Гірек тілінен аударғанда «Auto» тек  «Мен», «Өзім» қоғамнан оқшаулану деген мағынаны білдіреді.
  • Аутизіммен әлемде 67 000 000 адам күресуде.
  • Қазақстанда аутизмі бар 15 мыңнан астам бала тұрады. Ал бейресмей деректерге сүйенсек 35 мыңнан асады. 
  • 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде АСБ бар балалар саны 3 660 баладан 11 287 балаға дейін өсті, бұл төрт жыл ішінде 3,1 есе артқаның көрсетеді.
  • Осыдан 10 жыл бұрын 1000 баланың ішінде 1 бала шалдықса, қазір 35 баланың ішінде 1 бала АСБ шалдыққан болып туылуда.
  • Қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 3 есе жиі кездеседі.