Семинар. Тақырыбы: Психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы

 

 

Қараөткел ауылы ЖШС «Детский сад» Ақбота балабақша»

 

«Семинар-практикум»

Тақырыбы: Психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы

Ұйымдастырушы: «Ақбота» балабақшасының психологі  Жилбаева А.М

Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» балабақшасының психологі Искиндирова А.Қ

 2025-2026 оқу жылы

 

Психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы

 

Өту формасы: «Семинар-практикум»

Өтетін күні:  15.05.2026 жыл

Уақыты: 10.00

Өтетін орыны: Қараөткел ауылы «Ақбота» балабақшасы.

Мақсаты: 2025 – 2026 оқу жылында атқарған жұмыстарды ортаға салып, алған тәжірибелерімен бөлісіп, жылды қорытындылау, психологтар алдағы оқу жылына ұсыныстары мен пікірлерін қалдыру.

Қатысушыларды тіркеу.

БАРЫСЫ:

Қатысушылар алдарында тұрған түрлі-түсті гүлдерді алып, сол гүлдің ішіне  бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарадан не күтеді сол жайлы жазып, оны бүктеп қоюлары қажет.

 

Танысу тренингі: « Сіз білетін және білмейтін бір ақпарат» 

Шарты: Өзіңіз жайлы біз білетін бір ақпарат және біз білмейтін бір ақпарат айтуыңыз қажет.

Мақсаты: Бір-бірімізді жақсы білуімізге ықпалын тигізу, өзара қарым-қатынасты нығайту, бойымыздағы сенімділікті арттыру.

 

Алғы сөз.

-«Ақбота» балабақшасының директоры Уалетдинова Р.К.

-«Ақбота» балабақшасының әдіскері Ашимова А.С

 

І-бөлім. Слайд «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен  жүргізілетін іс-шаралар» 20 минут

 

ІІ-тарау. Шебер сынып.

«Сенсорлық интеграция. Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуі». 

Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуіне, қабылдауына және өндеуіне жауап беретін жүйе. Ол біздің денемізге ақпарат жеткізеді: не көреміз, естейміз, иіс сеземіз, тигіземіз және қозғалысты қалай сезінеміз.

Қарапайым тілмен:

Сенсорлық жүйе нені қамтиды?

  • Көру – түстерді, пішіндерді, жарықты қабылдау.
  • Есту – дыбыстарды есту және ажырату.
  • Тактильді сезім – қолмен сезу, жанасу.
  • Вестибулярлық жүйе – тепе-тендік, айналу, секіру.
  • Проприоцепция – дене қай жерде тұрғаның сезу (қозғалысты басқару)
  • Дәм және иіс сезу.

Сенсорлық жүйенің рөлі:

  • Баланың дұрыс дамуында өте маңызды.
  • Назарды, қозғалысты, эмоцияны реттеуге көмектеседі.
  • Жазу , отыра алу, сөйлеу сияқты дағдылардың негізін қалайды.
  • Ойын кезінде баланың өзін жайлы сезінуіне ықпал етеді.

 

 Бір жасқа дейін балада дамитын бес сезім мүшесі.

- Иіс сезу.

- Дәм сезу.

- Көруі.

- Естуі.

- Өз денсін сезіну (тактильность)

Жоғарыда көрсетілген сезім мүшелері арқылы сезу, сезінуді практикада ата-аналардың өздеріне жасату.

 

Сергіту сәті. «Қол соғайық»

Шарты: Мен қолымды бір мәрте соқсам, сіздер екі мәрте соғуларыңыз қажет, мен екі мәрте қолымды соқсам, сіздер бір мәрте соғуларыңыз қажет, мен қолымды үш мәрте соқсам, сіздер аяқтарыңызбен соғуларыңыз қажет.

Мақсаты: көруі мен естуін және қимыл әрекетін дамыту.

 

ІІІ-бөлім. «Қолдауға мұқтаж досым»: логопедиялық ойындар арқылы даму мүмкіндіктері. 20 минут

Шеберлік сағаты.

  • Логоформула (Ааа, Ооо, Ууу, Ыыы)
  • Дыбысқа еліктеу (жан-жануарлардың, адам әрекеттерінің, заттардың қозғалысы)
  • Дұрыс тыныс алу
  • Артикуляциялық жаттығулар
  • Логомассаж
  • Дыбыс қою
  • Машықтандыру (сөздің басы, сөздің ортасы, сөздің соңы)
  • Сөйлем құрау: ең алдымен етістіктерден бастаймыз.

Тренинг «Ерекше бала»

Шарты: Алдымызда тұрған дөңгелек қағаздың ортасындағы  құтыға кезек-кезек келіп суды құйамыз, толғаннан кейін жан-жағында байланған жіппен құтыдағы суды төкпей көтеруіміз қажет.

Мақсаты: Ортадағы тұрған құтыны ерекше бала деп қарасақ, оған құйылған су жан-жақты қоғам болып ортаға бейімдеу,  ары қарай өмірге  жетелеу әр адамның борышына айналса, ерекше бала мен оның ата-анасына үлкен көмек болар еді.

Түйін: Кез-келген адам Ерекше балаға туындаған мәселені маған қатысы жоқ деп қарамау керек, өйткені ешкім мұндай жағдайға түсіп қалудан сақтанбаған.

 

Диагносика: Мектеп алды даярлық топ (25 сұрақтан тұратын тест)

 

Нейро Жаттығулар жинағын ұсынып, оны орындатқызу, сол жинақты естелік ретінде өзіне қалдыру.

 

- Психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің жыл бойы жасаған жұмыстарына талдау.

- Туындаған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салып талқылау (психологтер тарапынан туындалған әр түрлі сұрақтар).

- Әр психолог биылға жасаған жұмысын ортаға салу

- 2025-2026 оқу жылының жоспарын құру, нені енгізу керектігін айту.   

Өткізетін: Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» балабақшаның педагог- психологі Искиндирова Айжан Қайратқызы

Кері байланыс: Семинар-практикумның басында жазған гүлдеріңізді қолдарыңызға алыңыздар. Бүгінгі іс-шарадан алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Бүктеліп тұрған гүлдеріңізді суға салыңыздар.

ТҮСКІ АС

 

Келісілді_____________                                                         Бекітемін_________________

«Детский сад «Ақбота балабақша»                                        «Детский сад «Ақбота балабақша»

Әдіскері                                                                                    Директоры

А.С.Ашимова                                                                          Р.К.Уалетдинова

«__»_______2026 жыл                                                           «__»_______2026 жыл

 

Шебер сынып

Тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен  жүргізілетін іс-шаралар. Сенсорлық интеграция. Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуі »

Мақсаты: Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс – балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы маңыздылығын, баланың дамуына ерте араласу қажет екені жайлы түсінік қалыптастырып, түзету іс-шараларын тәжірибеде көрсету.

 Өткізген: Қараөткел ауылы ЖШС «Ақбота» балабақшасының психологі  Жилбаева А.М

2025 – 2026 оқу жылы

                      

Психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысында аудан психологтеріне «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен  жүргізілетін іс-шаралар. Сенсорлық интеграция. Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуі »

 (Шебер сынып)

Қатысушылар: Педагог-психологтер

Тақырыбы: «Сенсорлық интеграция. Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуі»

Мақсаты: Ерекше қажеттіліктері бар балалардың сенсорлық жүйесімен дамыту арқылы қоршаған ортаны сезіндіру.  Баланың дамуына ерте араласу қажет екені жайлы түсінік қалыптастырып, түзету іс-шараларын тәжірибеде көрсету.

Құрал-жабдықтар: Есту мен сипап сезуге арналған әдістемелік құрал, доп, көрпе, массаж кілемшелері, проектор т.б

Мерзімі: 15.05.2026 жыл

Өту барысы:

«Сенсорлық интеграция. Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуі». 

Сенсорлық жүйе – бұл адамның қоршаған ортаны сезінуіне, қабылдауына және өндеуіне жауап беретін жүйе. Ол біздің денемізге ақпарат жеткізеді: не көреміз, естейміз, иіс сеземіз, тигіземіз және қозғалысты қалай сезінеміз.

Қарапайым тілмен:

Сенсорлық жүйе нені қамтиды?

  • Көру – түстерді, пішіндерді, жарықты қабылдау.
  • Есту – дыбыстарды есту және ажырату.
  • Тактильді сезім – қолмен сезу, жанасу.
  • Вестибулярлық жүйе – тепе-тендік, айналу, секіру.
  • Проприоцепция – дене қай жерде тұрғаның сезу (қозғалысты басқару)
  • Дәм және иіс сезу.

Сенсорлық жүйенің рөлі:

  • Баланың дұрыс дамуында өте маңызды.
  • Назарды, қозғалысты, эмоцияны реттеуге көмектеседі.
  • Жазу , отыра алу, сөйлеу сияқты дағдылардың негізін қалайды.
  • Ойын кезінде баланың өзін жайлы сезінуіне ықпал етеді.

 Бір жасқа дейін балада дамитын бес сезім мүшесі.

- Иіс сезу.

- Дәм сезу.

- Көруі.

- Естуі.

- Өз денсін сезіну (тактильность)

Жоғарыда көрсетілген сезім мүшелері арқылы сезу, сезінуді практикада қатысушыларға  жасату.

«Көріп қабылдауы»

Қатысушыларды орындарынан тұрғызып, суретте тұрған жаттығуларды жасату, жаттығуларды күрделендіру.

«Естіп қабылдауы»

Ортаға екі қатысушыны шақырып дыбыстар жасырынған шариктерді беріп, бірдей дыбыстарды іздету.

«Иісті сезу»

Бір қатысушыны ортаға шақырып, көзін байлап кофе, ванелин, апельсин, огурцы, зираның иістерін иіскету қажет, оны табуы қажет.

«Дәм сезу»

Қатысушыларға құрт, кәмпит, лимонды ұсынып дәмін айтқызу.

«Сипап (тактильді) сезу»

Қатысушыларға арнайы әзірленген шарларды беру, оларды қолдарымен ұстау арқылы ішіндегі бірдей заттарды табу.

-Көрпеге ішімен жатқызып, арқасынан үлкен доппен жүргізу, доппен арқасынан қағу.

 

Қорытынды: Кері байланыс.

 

«Ақбота» балабақшасының психологі                             Жилбаева А.М

Хаттама

Өткізген уақыты:  2026 жыл, 15 мамыр          Сағат: 10.00

Өту орыны: «Ақбота» балабақшасы. Акт.залы

 

Семинар-практикум

Қатысушылар саны:  15  маман.

Өткізілген іс-шара жайлы қысқаша ақпарат.

 

     Педагог-психологтардың аудандық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы.  2025 – 2026 оқу жылында атқарған жұмыстары ортаға салып, алған тәжірибелерімен бөлісіп, жылды қорытындылау, психологтар алдағы оқу жылына ұсыныстары мен пікірлері қарастырылды.

    Психолог мамандарға арналған  «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және олармен жүргізілетін іс-шаралар. Сенсорлық интеграция» тақырыбында шебер сынып өтті.

      Семинар-практикум барысында айтылған құнды ақпараттар қатысушылар назарынан тыс қалмайтыны анық. Оның бірден бір себебі қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін балалар санының көбейуі. Сондықтан да педагог-психолог мамандар іздеген сұрағының нәтижесін осы жерден алды, іс-тәжірибеде көрсетілді.

 

«Ақбота» балабақшасының психологі                             Жилбаева А.М

Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» балабақшасының психологі     Искиндирова А.Қ